Ержан Бабақұмаров Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматының Қоғамдық кеңес мүшелеріне мерейтойлық медальдарды тапсырды

Ержан Бабақұмаров Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматының Қоғамдық кеңес мүшелеріне мерейтойлық медальдарды тапсырды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің Қоғамдық кеңесінің мүшелерін келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімін өткізді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтау сөзінде биылғы жылы 30 жылдығын атап өтетін Тәуелсіздік күні барлық қазақстандықтар үшін қасиетті мереке болып табылатынын атап өтті. 

«Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың атынан қаланың тыныс-тіршілігінің әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге қосқан үлестеріңіз бен бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын. Біз қала тұрғындарының игілігі үшін салиқалы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратынымызға сенімдімін», - деп атап өтті Е. Бабақұмаров және Кеңес төрағасы Рахман Алшановтың жұмысын жеке атап өтті.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасы мен Алматы қаласының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдармен марапаттады. 

Марапатталғандардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ержан Әбдірахманов, «ҚазРЕНА» Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры Борис Жапаров, «Қуаныш мекені» ӨК төрағасы Төлеутай Жаббаров, «Таймас LTD» компаниясы» ЖШС бас директоры Гүлжан Қалдабаева, «Гүлден Сауда» ЖШС бас директоры Майра Сағымбекова, Алмалы ауданы әкімінің кеңесшісі Құсман Шалабаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов, Алматы қаласы ІІД ӘПБ ардагерлер кеңесінің бастауыш ұйымының төрағасы Айгүл Шөпшекбаева бар.