Әлихан Смайылов алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Әлихан Смайылов алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Сурет: Referendum2022_kz

Еліміз бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді», деп жазылған референдумның ресми телеграм каналында.