Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қанша қазақстандық қатысатыны айтылды

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қанша қазақстандық қатысатыны айтылды
Сурет: Almaty.tv

Бұл жүйеге 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысады.

Мамандар Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің артықшылықтары туралы айтты,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және 1,1 млн астам адам жыл бойы әлеуметтік төлемдер алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ  бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандықтар үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің артықшылықтары туралы айта отырып, спикер 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілгенін атап өтті. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін төлейтін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық қағидаттарына негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілігі мен босануына, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік тәуекелі бар адамдар ғана ала алады.