ҰҚК мамандары есірткі арнасын жойды

ҰҚК мамандары есірткі арнасын жойды

Нәтижесінде заңсыз айналымнан «мефедрон»,«альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті «А» есімді елордалық тұрғынды ұстады»,- делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді.

Тергеу есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмыстарды жалғастыруда.