Алматыда жүгіруден халықаралық жарыс өтеді

Алматыда жүгіруден халықаралық жарыс өтеді
Сурет: Almaty Marathon

Қатысқысы келетіндер үшін жарыс толығымен тегін.

Коммерциялық емес «Meta Marathon» жарысы 31 шілде күні Almaty Arena спорт кешенінің айналасында болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жарыстың басталуы 8:00 (қатысушылар жарыс алдындағы жаттығу үшін 7:30-да жиналады) Жарыс өтетін орын: Almaty Arena спорт кешенінің айналасы. Тіркеу сайты: metarun.kz

Жарыстың арақашықтығы: 3 және 10 км.

Марапаттар: 1 орын NFT медаль және 500$;

2 орын NFT медаль және 300$;

3 орын NFT медаль және 200$. Қалған қатысушылар NFT медаль алады.