Әлемнің 167 елінде қызылша ауруының өсуі байқалады

Әлемнің 167 елінде қызылша ауруының өсуі байқалады
Сурет: Aikyn.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният инфекциялардың кейбір түрлері бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ағымдағы жылдың 10 айында 21 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, құтыру, висцералдық лейшманиоз, туляремия жағдайлары тіркелген жоқ. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39 инфекциялық ауру бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді», - деді министр өз сөзінің басында.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 1 млн 370 мың жағдайы тіркелді, оның ішінде ЖРВИ-мен ауырғандардың 66%-ын 114 жасқа дейінгі балалар құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8%-ға төмендеді. Қараша айынан бастап тұмаудың 115 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, алдыңғы жылдардағыдай А(H3N2) тұмауы мен В тұмауының айналымы байқалады, тұмауға қарсы вакцинациялау компаниялары аяқталды, 2 млн.400 мың адам егілді, бұл ел халқының 12,1% -ын құрайды.

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп атап өтті ведомство басшысы.

«Ағымдағы жылдың басынан бері сырқаттанушылықтың 2,6 есе төмендеуі байқалады. Ағымдағы жылдың 10 айында 11 734 адам ауырып, 1310 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда 2 пациент стационарлық емделуде», - деді министр. «Бүгінгі таңда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы күрделі. Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 82%-ы балаларға, оның ішінде 83%-ы вакцинацияланбағандарға тиесілі.  Бұл ретте, балалардың 60%-ы бас тартуға байланысты, қалған балалар егу жасына жетпеуі және медициналық көрсетілімдердің себебінен вакцинацияланбаған. Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді», - деді министр.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ұйымдасқан, оқу жылында ұжымдарда балалардың жиналуына байланысты сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады, нәтижесінде сырқаттанушылық деңгейі 2 есеге өсті. Қараша айында қызылшаның 6 мыңнан астам жағдайы тіркелді, деп қосты А. Ғиният.

 Әлемнің 167 елінде қызылша ауруының өсуі байқалады. Қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне мыналар себеп болды: КВИ пандемиясы кезінде жоспарлы вакцинациялауды өткізіп алған балалардың есебінен сырқаттанушылықтың өсуі, вакцинациялаудан бас тартудың өсуі, бұл халықтың арасында иммундық емес топтың жиналуына ықпал етті. Әлеуметтік желілерде, интернет-порталдарда вакцинациялау туралы дұрыс емес ақпараттың, сондай-ақ иммундау саласындағы жалған сарапшылардың қолжетімділігі.

«Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында мынадай шаралар қабылдануда: ағымдағы жылдың 10 айында қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен 600 мыңнан астам адам қамтылды, бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 84,0%-ын құрайды, бұл ДДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді.  Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам бала вакцинациялануға тиіс», - деді министр.

Сонымен қатар, қызылша ошақтарында 15 мыңнан астам вакцинацияланбаған байланыста болған адамдар  шұғыл вакцинациямен қамтылды.

Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай қызылшаның 65%-дан астамын құрайтын 5 жасқа дейінгі балалардың арасында сырқаттанушылықтың тіркелуімен сипатталатынын тағы да атап өткім келеді.  Осыған байланысты, 6 қарашадан бастап осы санаттың арасында қосымша жаппай иммундау басталды, 100 мыңнан астам адам қамтылды. Министрдің айтуынша, қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін қызылшаға қарсы вакцинаның 1,5 млн. дозасы сатып алынды, оның 500 мың дозасы келіп түсті, желтоқсан айында 1 млн.доза жеткізіледі деп күтілуде. Осыған байланысты халықтың белсенділігі мен вакцинациялауды таңдау біздің балаларымыздың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

«Қосымша иммундаудың тиімділігі 2005, 2015 және 2019 жылдардағы қызылшаның алдыңғы өршуі кезінде дәлелденді. Тек қосымша жаппай иммундаумен жоғары қамту ғана желтоқсан айында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және 2024 жылғы қаңтарда сырқаттанушылықты азайтуға мүмкіндік береді. Вакцинамен басқарылатын аурулар мен асқынулардан балалардың денсаулығын қорғау туралы шешім қабылдайтын ата-аналардың вакцинациялаудан бас тарту көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, сіреспе сияқты ұмытылып кеткен қауіпті аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін», - деп қорытындылады Ажар Ғиният.