Әлемде туристер ең көп баратын мешіт

Әлемде туристер ең көп баратын мешіт
Сурет: Islam.kz

Мұсылман әлемінде меймандар тамашалайтын ең көрнекті мешіттердің бірі әрі бірегейі – Зайда құлшылық үйіне ағыған туристер қарасы өткен жылы 70%-ға артқан.

Нақтырақ айтқанда,  2023 жылы аталмыш ғибадат ғимаратына 5 501 420 адам барған, олардың 1 409 947-ы ғана мұсылман, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz islam.kz порталына сілтеме жасап. 

Бірікен Араб Әмірлігі аумағында, яғни, Әбу-Даби қаласында орын тепкен мешітке тек туристер ғана емес, сонымен қатар, аталған араб еліне ат басын тіреген сыйлық қонақтар, соның ішінде, мемлекет басшылары, дипломаттар, т.б. қарасының өзі әжептәуір. Мешіт меймандарының 74%-ы жекелеген тұлғалар болса, тобымен келіп тамашалағандар қарасы 26%-ды құраған. Ресми делегациялар, соның ішінде үкіметтік және білім беру, дипломатиялық және т.б. 20 172 адамға артқан. 25 пен 35 жас аралығындағы түрлі елдерден келгендер саны мешітке бас сұққандардың ең көп үлесін құрады – 34%. Мешітке келген қонақтардың 81 пайызы шетелдіктер болды.

География бойынша келушілердің ең үлкен үлесі Азияға тиесілі - 52%, одан кейінгі орында Еуропа тұр - 33% және 8%-ы - Солтүстік Америка еншісінде. Мешіт қонақтарының 23 пайызы Үндістаннан, 8 пайызы Қытайдан, 7 пайызы Ресейден келген.

Сұрақ қою