Әлемде алғаш рет аяғы жоқ адам ғарышқа ұшады

Әлемде алғаш рет аяғы жоқ адам ғарышқа ұшады
Сурет: Inform.kz

Бұл іс-шараны Еуропаның Ғарыш агенттігі қолға алды.

Осы миссияны жүзеге асыру үшін 19 жасында мотоциклден құлап, оң аяғынан айырылған Джон Макфол таңдалып алынды. 41 жастағы британиялық бұған дейін Паралимпиада ойындарына қатысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оны ғарышқа дайындау жұмысы 2 жылдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін. Параастронавт кеңістікте бір күн болуы тиіс. Ол бес ғарышкермен бірге ұшады. Олардың арасында екі әйел бар. Осы топқа ілігу үшін 22 мың үміткер сынақтан өткен. Айта кетейік, Еуропалық Ғарыш агенттігі алдағы 3 жылда бюджетін 17% арттырып, шамамен 17 млрд еуро бөлуді жоспарлап отыр.

 «Мен бұл мүмкіндікке оңай қол жеткізіп отырған жоқпын. Паралимпиада атлеті де болдым, хирург-дәрігер мамандығын да игердім. Осының бәрі маған сенім мен күш-жігер берді. Бұл бүкіл адамзат үшін тарихи оқиға болмақ. Адамның қолынан келмейтіні жоқ», - деді параастронавт Джон Макфол.