Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа кетті

Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа кетті
Сурет: Olympic.kz

Бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов мансабын кәсіпқой бокста жалғастырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

24 жастағы қазақстандық спортшы Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Осылайша, енді ол кәсіпқой рингте қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әуесқой бокстан 2017, 2019 және 2021 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, 2017 жылы өткен Азия чемпионатында күміске қол жеткізді. Сондай-ақ, ол жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген.