900 мың долларлық құны бар картиналар ұрланған

900 мың долларлық құны бар картиналар ұрланған
Сурет: Euronews

Атақты суретшілер Пабло Пикассо мен Марк Шагалдың ұрланған картиналары жертөледен табылды.

Бельгияның Антверпен қаласындағы ғимараттың жертөлесінен табылған Пабло Пикассо мен Марк Шагалдың Tête және L'homme en priere деп аталатын туындылары 2010 жылы Израиль азаматының коллекциясынан ұрланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Қылмыскерлер ол үйден суреттермен бірге 680 мың доллар тұратын зергерлік бұйымдарды да кеткен. Бірақ суреттер жасырылған жерден зергерлік бұйымдар табылған жоқ.

Бельгияның құқық қорғау органдары картиналарды жоғалтқан адамның шағымынан кейін тергеуді бастады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдікті екі суретті де сатқысы келген. Одан кейін полицейлер оның ізіне түсіп, қамауға алған. Қазір ұсталған азаматтың картиналарды ұрлауға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, ол картиналардың жалпы құны 900 мың долларға бағаланып отыр.