«Гарри Поттер» шытырман оқиғаларына құрылған ойын-сауық орталығы барын білесіз бе?

«Гарри Поттер» шытырман оқиғаларына  құрылған ойын-сауық орталығы барын білесіз бе?
Сурет: Sites.google.com

Ойын-сауық көңілді жадыратады

Нью-Йоркте «Гарри Поттер» негізінде VR орталық бар. Бұнда келушілер Хагридпен бірге Лондонның үстінен ұшып өтіп, өлім жегіштермен күресіп әрі ертегі әлеміне саяхаттай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еsquire.ru сайтына сілтеме жасап.

Гарри Поттер жайлы шытырман оқиғаларды әлем біледі. Аталған кешенде виртуалды ғалам жұмыс істей бастады. Бұл сізді Хогвартстың оқушысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Flying Wizards қонақтарына көлбеу жұмыс істейтін ыңғайлы сыпырғыштар беріледі. Ойыншылар Хогвартстың алаңынан ұшып өте алады немесе Квиддич алаңын зерттейді. Сонымен бірге тырсылдаған талға соғылу қаупі бар. Сондай-ақ саяхаттаушының Хогвардсқа маңызды пакетті жеткізу мүмкіндігі болады. Сөйтіп, өлім жегіштерді қудалаудан құтылу үшін Хагридпен бірге Лондон үстінен ұшып өтеді.

Дүненің түкпір-түкпірінен әртүрлі ойын-сауық, көңіл-көтеру орталықтары өздерін Гарри Поттердегі ертегі әлеміне сай етіп безендіруді әлдеқашан үрдіске айналдырған.