Алматылықтар арзан баспана алам деп алданған

Алматылықтар арзан баспана алам деп алданған
Сурет: Polisia.kz

37 жастағы ер адам арзан үй алып беру қызметін ұсынған.

Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оған сенгендер аз болмаған.

«Алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңгені құрайды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтпақшы, бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.