Алматы полициясы ішімдіктің кешкі сатылуын бақылауға алды

Алматы полициясы  ішімдіктің кешкі сатылуын бақылауға алды
Сурет: Polisia.kz

Басты назар – құқық бұзушылықтың алдын алу.

Алкоголь өнімдерін сатуға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу деректерін анықтау мақсатында Алматы полициясы жергілікті рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы Алмалы ауданының полицейлері 21 жасқа толмағандарға және кешкі сағат тоғыздан кейін алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынатынын ескертетін көрнекі өнімдер шығарды.

«Мақсат – алкоголь өнімдерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарға сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту. Біздің міндетіміз – мұндай деректерді дер кезінде тоқтату және анықтау, ересек тұрғындарды балалар үшін, біздің болашағымыз үшін жауапкершілікті арттыруға шақыру. Ақпараттық брошюраларда ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының талаптарын нақты түсіндіреді және алкогольді сату шарттарын сипаттайды. Олар халық арасында, әсіресе, сауда орындарында бар», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.