Президент сайлауы: Кандидаттарға қол қою парағын беру мерзімі қысқартылды

Президент сайлауы: Кандидаттарға қол қою парағын беру мерзімі қысқартылды
Сурет: People.onliner.by

Кандидаттарға қол жинауға көбірек уақыт берілді.

ҚР Президенті сайлауына қатысатын кандидаттарға берілетін қол жинау парағын беру уақыты қысқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біз "Сайлау туралы" Конституциялық заңның бізге беретін құқығын пайдалану жөнінде шешім қабылдадық. Онда кезектен тыс президент сайлауы осы заңда кезекті президент сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі делінген. Сайлауды өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК төрағасының айтуынша, өңірлік сайлау комиссиялары аталған жаңашылдықпен жұмыс істеуі тиіс.

«Сайлау заңнамасы негізінде президенттікке кандидаттарға қол қою парағын беру мерзімін екі есе қысқарттық. Яғни 5 күннен 2 күнге дейін. Сонымен қатар үміткерлер жинаған қолдың дұрыстығын тексеру мерзімі 10-нан 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. Осылайша мерзімдерді қысқарту есебінен кандидаттарға қол жинауға көбірек уақыт берілді», - дейді ол.