Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Наурызбай ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 350-ден астам адам келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ауданда сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала береді. Оны шешу үшін қазіргі уақытта 2 су қоймасының 104,2 км инженерлік желілердің құрылысы белсенді жүргізілуде, сондай-ақ сорғы станциялары бар қосымша магистральдық су құбырын жобалау басталды. Қарғалы су қоймасы бойынша жұмыстар 92%-ға аяқталды, пайдалануға беру келесі жылдың маусым айына жоспарлануда. Ақсай станциясының жобасы бойынша бүгінде жер жұмыстары жүргізілуде, нысанды тапсыру 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. 

Ауданды тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін 79 трансформаторлы қосалқы станция жөнделіп, 3,8 км электр желілері қайта жаңартылды. Сондай-ақ, ауданда 48 көшеде сыртқы жарықтандыру жүргізілді. 2023 жылы тағы 59 көшені жарықтандыру мәселесін шешу жоспарланған.

Ауданда жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті дамыту мәселесі бойынша ұзындығы 23 км болатын 30 көшенің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, 2022 жылдың қараша айының соңына дейін ұзындығы 7 км 8 көше жөнделеді. Сондай-ақ жыл басынан бері "Ақжар" шағынауданында ұзындығы 6,7 км болатын 19 жаңа көшеге асфальт төселді.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін 2022 жылдың 1 қыркүйегіне қарай "Қалқаман" шағынауданында 1800 орындық 2 мектеп және "Қарғалы" шағынауданында 600 орындық жеке мектеп ашылды. Жыл соңына дейін "Қалқаман" шағынауданында 1500 орындық тағы 2 мектеп  және «Алма Сити-5» ТК аумағында 1200 орынға арналған мектеп пайдалануға беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын қысқарту мақсатында жыл басынан бері 700 орындық 12 жекеменшік балабақша ашылды. "Шұғыла" шағынауданында 2023 жылдың шілдесінде аяқталуы тиіс 320 орындық жаңа балабақша салынуда. Сонымен қатар, 3 балабақша бойынша ЖСҚ әзірленуде: "Құрамыс" шағынауданында 320 орынды, "Шұғыла" шағынауданында 320 орынды және Қалқаман шағын ауданында 240 орынды.

Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 500 адамды қабылдайтын 2 жаңа емхана және 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (200 адам) салу жоспарлануда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

Ауданда қатты жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қала береді.ТЖ желісі бойынша 6 учаскені жою жұмыстары жүргізілуде. 4 учаске бойынша жұмыстар аяқталды. Ойжайлау өзенінің ұзындығы 1,1 км арнасы нығайтылды, Төлебеков, Талжанов, Жадыр (800 м) 3 көшесі бойынша арық желілері салынды. Ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін Райымбек даңғылы бойынша «Нұрлы Дала» ТК-де ұзындығы 1,4 км Ақсай өзенінің арнасына дейін және Сабденов көшесіндегі арық желісін абаттандыру аяқталады

Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Биыл ауданда 47 жоба жүзеге асырылды. Ақжар шағын ауданында  (3 га) және Қалқаман  ш/а (2,5 га), Қонаев көшесі бойындағы ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілер аймағы,  Мейрам ш/а жаяу жүргіншілер аймағы. Мейрам және т.б. абаттандырылды. Қоғамдық кеңістіктердің 21 учаскесі (скверлер, балалар алаңдары, аулалар) және жол инфрақұрылымы бойынша 26 жоба да  абаттандырылды. 

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу.