82 жастағы Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенді дуэт айтуға шақырды

82 жастағы Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенді дуэт айтуға шақырды
Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash парақшасындағы видеодан алынған

Әлемге әйгілі испандық опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге дуэт жазуды ұсынды.

Бұл туралы видео DearsDimash EurasianFanClub YouTube-арнасына жарияланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Сені маған немерем көрсетті. Оған сенің өнерің ұнайды. Ол қазір небәрі 18 жаста, әрі барабаншы. Сені YouTube-тен көрген. Бұлай ән айтудың қалай болғанына таң қалды. Ол сенде алты октава бар екенін айтып, таңданысын жасырмады, - деді Доминго.

Ал Димаш Құдайберген әлемдік опера әншісіне оның әнін 5 жасынан бастап тыңдап өскенін жеткізді.

Сізбен кездесу – мен үшін үлкен мәртебе. Үйде сіздің концертіңіздің кассеталық жазбасы бар еді. Бес жасымнан бастап соны тыңдап, музыкаға сіздің арқаңызда келдім, - деді ол.

Сондай-ақ Пласидо Димашқа бірге дуэт орындауды ұсынды.

Бізге бірге дуэт айту керек. Мен 20 жасымда нағыз дауысыммен ән айта алатынмын. Қазір тенорға тесситура жетпей жатыр. Бірақ сіздің жасыңызда қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Біз керемет ән жазайық. Егер ыңғайлы болса, ертең дайындық жасайық, - деді 82 жастағы маэстро.