Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жастар ұсталды

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жастар ұсталды
Сурет: видеодан алынды

Әлеуметтік желілерде Алматыда кешке түсірілген видео жарияланды.

Онда бір жігіттің дрифт жасаған көлікте автоматқа ұқсас қару ұстап отырғаны көрінеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алматы қаласының ПД өкілдері NUR.KZ тілшісіне ведомство видеоға қатысты бірден әрекет еткенін хабарлаған. Олар видеодағы тұрғындарға қатысты шара қабылданған.

«Супермаркеттердің бірінің тұрағында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған BMW маркалы автокөлік жүргізушісіне қатысты шаралар қабылданды:

  • ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі («Міндетті сақтандыру шартынсыз көлік құралын басқару»);
  • 595-бабы 1-бөлігі («Маневр жасау қағидаларын бұзу);
  • 606-бабы 1-бөлігі («Апат жағдайын жасау»);
  • 593-бабы 1-бөлігі («Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу»).

Сонымен қатар, видеода көрсетілген көлік құралының жолаушысы терезеден автоматқа ұқсас затты қалай көрсеткені бейнеленген. Оның ойын автоматы екені анықталды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқиға қатысушыларына заңбұзушылықтардың алдын алу туралы құқықтық түсіндірме әңгімесі жүргізілген.