7 сәуір күнгі ауа райы болжамы

7 сәуір күнгі ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 сәуірде, қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында түнде және таңертең найзағай күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 24-29 м/с.

Алматыда оңтүстік-батыс желі, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының тауында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Қостанайда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр найзағай, бұршақ күтіледі. 07 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.