Балқаш әкімі қала тұрғындарынан кешірім сұрады

Балқаш әкімі қала тұрғындарынан кешірім сұрады
Сурет: Almaty.tv

Инстаграм парақшасында бейнеүндеу жолдады

Үш күннен бері сусыз отырған Балқаш жұртынан қала әкімі кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қайрат Қамзин апатты жоюға уәде беріп, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Қалаға тіршілік нәрі біртіндеп беріліп жатқанын мәлімдеп, Инстаграм парақшасында бейнеүндеу жолдады.

«Қазіргі таңда сол арнайы 5 техника жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде – 1 экскаватор, кран, көлік, су соратын екі сорғыш. Техникалық жағдайға байланысты жөндеу жұмыстары жалғасуда, жоспар бойынша бүгін бітірсек, кварталішілік желілерді толтырамыз», – деді Балқаш қаласының әкімі Қайрат Хамзин.

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Балқаш қаласында бас сорғы стансасының аумағында магистральдық құбыр жарылып, тұрғындар сусыз қалған еді.