6 қарашаға қараған түні аспанда ерекше құбылыс болды

6 қарашаға қараған түні аспанда ерекше құбылыс болды
Сурет: Telegram/myastanacity

Аспанның қызыл түске боялған сәтін еліміздің әр өңіріндегі Қазнет қолданушылары бөлісіп жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ерекше табиғат құбылысының көрінісін жариялап жатыр. Олар «поляр шұғыласын» түнде фотоға түсіріп үлгерген.

Ерекше құбылыс Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды.

«Поляр шұғыласы» күн сәулесі белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл болғанда тіркеледі.