540 млн теңгегенің есірткісі жойылды

540 млн теңгегенің есірткісі жойылды
Сурет видеодан алынды

Ағымдағы жылдың 22 ақпанда ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананың жолын кесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны құрықталды.

Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға пара-пар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды.

Айналымнан алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады.



Бұдан бөлек, Астана қаласы басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 тонналық екі контейнер табылды, тергеу барысы анықтағандай, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды