30 наурызға арналған ауа райы болжамы

30 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Moyaokruga.ru

Қар жауып, боран соғады.

«Қазгидромет» мамандары сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығы солтүстік-батыс циклонның әсерінен нөсер жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста қар жауады. Тек қана батыс және оңтүстік өңірлерге антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

«Алматы облысында түнде және таңертең облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с, түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с дейін болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.