24 тамыз күнгі ауа райы болжамы

24 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Сурет: ашық дереккөз

Синоптиктер Қазақстандағы 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз бұршақ жауады деп болжанды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады. Оның екпіні секундына 9-14 метр, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +22+24°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 метр болатын жел соғады. Күндіз екпіні - 12 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С.