21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман

Синоптиктер 2023 жылғы 21 ақпандағы ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар жауады, батыс және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады.

Тек елдің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстан аумағында көктайғақ болады, жел күшейіп, тұман түседі.

Сондай-ақ синоптиктер Қостанай облысының солтүстігінде күндіз қалың қар жауатынын болжады.