2023 жылы Алматыдан бірнеше халықаралық рейс ашылады

2023 жылы Алматыдан бірнеше халықаралық рейс ашылады
Сурет: Kapital.kz

Малайзиямен келіссөздер жүргізілуде.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте келесі жылы шет мемлекеттерге жаңа әуе рейстерін ашу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Пәкістанға, Сауд Арабиясына, Жапонияға және Израильге жаңа әуе рейстерін ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Келесі жылдың басында SCAT компаниясы Пәкістан-Исламабад және Карач қалаларына ірі рейстерді ашады. Сауд Арабияның әуе компаниясының өкілдері тікелей тұрақты рейстердің ашылғанын хабарлады. Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру келіссөздер сатысында. Сонымен қатар, Малайзиямен келіссөздер жүргізілуде. Туристік бағыт ретінде Алматының көліктік қолжетімділігі айтарлықтай жақсарады деп күтеміз, бұл тікелей рейстерді ашу арқылы қолжетімді», - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Бұған дейін Алматы мен Қытайдың Сиань қаласының арасында ұшақ қатынайтынын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Қазақстаннан Сейшел аралдарына алғаш рет тікелей рейс ашылғаны туралы айтылған еді.