20 үміткер ереже бұзған

20 үміткер ереже бұзған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Олардың 9-ы тыйым салынған затты алғаны үшін тест тапсырмаған.

Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айында болып жатқан ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындысын жариялады. Қазірге дейін 13019 адам тест тапсырған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Олардың 60 пайызы шекті балл жинай алса, тест тапсырушылардың орташа балы 59-ды құрады. Ал ең жоғарғы көрсеткіш – 137 балл. 

Ал ереже бұзғаны үшін 20 адамның нәтижелері жойылған:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 9 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылса; 
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан11 адам шығарылған. 

"Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 17,11 пайызы "Математика-физика" және 14 пайызы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын таңдаған", – делінген ҰТО хабарламасында.

Еске салайық, наурыз айындағы ҰБТ 30 наурызға дейін өтеді.