13 жастағы Заңғар Tennis Europe кубогын жеңіп алды

13 жастағы Заңғар Tennis Europe кубогын жеңіп алды
Сурет: Egemen.kz

Халықаралық додада жас жеткіншек топ жарды

Қазақтың жас чемпионы, теннисші Заңғар Нұрланұлы Ослода өтіп жатқан 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Clarksons Platou Norwegian Open турнирінде Tennis Europe кубогін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

13 жасар Заңғар Нұрланұлы чемпионаттың барлық сатыларынан сүрінбей өтті. Сүйінші жаңалықпен Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің кеңесші уәкілі Талғат Жұмағұлов әлеуметтік желіде бөлісті.

Ол финалда француз теннисшісі Ленни Кутурьеден 4-6; 6-0; 6-3 есебімен басым түсті.