12 миллион теңге бопсалаған алматылық ұсталды

12 миллион теңге бопсалаған алматылық ұсталды
Сурет:Ult.kz

Қорқыту арқылы ақша бопсалаған ер адам ұсталды

Әйел адамнан 12 миллион теңге ақша бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің айтуынша, ақша табудың бұл әдісін «Шаңырақ» ықшамауданының тұрғыны, 40 жастағы ер адам қолданған. Оның бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

«Полицияға 23 жастағы Н.есімді қыз жүгінді, ол анасының танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы суреттер мен бейнелерді орналастырамын деп қорқытып, бопсалау арқылы 12 миллион теңге талап етіп отырғанын айтты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде танысынан сұралған соманың бір бөлігін алғандығын мойындады. Тергеу жалғасуда», – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.