104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады
Сурет: Zakon.kz

Қайтарылатын сома – 1 млн 50 мың теңге.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтуынша, бірмандатты округтер бойынша сайлауға түскен 104 үміткерге сайлау жарнасы қайтарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы 2 партияға да қайтарылады: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады.

Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді», - деді Сәбила Мұстафина.