1 тамызға арналған ауа райы болжамы

1 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Qazaqstan.tv

 Елдің басым бөлігінде бүгін де қатты ыстық болмақ.

1 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Тек батыста, оңтүстік пен солтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Барлық өңірде жел тұрады. Солтүстікте түнде және таңертеңгілік уақытта тұман күтіледі.

Атап айтқанда, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде 35-40°с қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен орталығында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.