Өсімдіктерден ет жасап шығарды

Өсімдіктерден ет жасап шығарды
eatessentials.com

Испанияда жергілікті компанияның бірі өсімдіктерден ет жасауды ойлап тапты.

Вегетариандық тағамды дайындау үшін ол 3Д принтерін қолданған. Олар енді жаңа әдісін өндірістік жолға қойып, онымен жергілікті мейрамханаларды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ал жаңа еттің дәмін татқан тұтынушылар оның табиғи еттен еш айырмашылығы жоқ екенін айтқан. Түсі де, дәмі де кәдімгі етпен бірдей екен.