Қай өңірде екпе салу көрсеткіші төмен?

Қай өңірде екпе салу көрсеткіші төмен?
Сурет: Сgon.rospotrebnadzor.ru

Бұл сұраққа Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау көрсеткіші төмен болып тұр деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Халықты вакциналау жалғасуда. Шамамен 4,5 мың доза вакцина қолданылды. Оның ішінде 1-компонентпен 2 809 447 адам екпе алды. Бұл - екпе алуға кіретін халықтың 28,4 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 1 715 750 адам қамтылды. Бүгінде екпе пункттерінде вакцинаның жеткілікті дозасы бар: 1-компонент - 1,1 млн доза және екінші компонент - 1,4 млн доза», - деді министр.

Оның дерегінше, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында 1-компонент вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

«Республика аумағында үнді штамының таралуының анықталғандығын ескере отырып, өңірлердегі эпидемиологиялық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинация қарқынын арттыруы және халық арасында тезірек вакцина алу қажеттігі, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сынды негізгі алдын алу іс-шараларын сақтау керектігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуі тиіс», - деді Алексей Цой.