Әлемде босқындар саны 50 миллионға жуықтады

Әлемде босқындар саны 50 миллионға жуықтады
rtvi.com

БҰҰ мәліметі бойынша, әлемде қарулы қақтығыс салдарынан босқындар саны 48 миллионға жетіп, рекордтық көрсеткіш орнады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ұйымның әр елдегі ішкі көші-қон жөніндегі арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамаридың айтуынша, қақтығыс салдарынан тіпті халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау да қиындаған.

Сонымен қатар ол қарулы қақтығыстармен қатар, табиғат апаттары және пандемия да босқындардың артуына ықпал еткенін айтады.