Өзбекстанда 170 мыңнан астам бала коронавирус вакцинасын алды

Өзбекстанда 170 мыңнан астам бала коронавирус вакцинасын алды
Inform.kz

Өзбекстанда балаларды ерікті түрде вакциналаудың алғашқы айында 12-18 жасқа дейінгі 170 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнде 12-18 жасқа дейінгі 176 791 жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцина алды. Балаларға ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен елдің кез келген егу пунктінде екпе салуға болады.

Вакциналау үшін Pfizer/Biotech неміс вакцинасы қолданылады. Еске сала кетейік, Өзбекстанда балаларды ерікті негізде вакциналау процесі 28 қыркүйекте басталған болатын.