Қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің жаңа альбомы жарыққа шықты

Қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің жаңа альбомы жарыққа шықты
Сурет: Tengrinews.kz

Пандемия музыканттың шығармашылыққа ден қоюына әкелген

Қазақстандық композитор, әнші, ақын Еркеш Шәкеев Мәскеуде «Пирс 39» деп аталған жаңа студиялық альбомын таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Шығарма ресейлік джаз музыкант Вадим Эйленкригпен бірлесіп жасалған. Бірақ қос музыкант пандемияға байланысты альбом дайындау жұмысын қашықтан жүргізген. 

«Пандемия шығаршамылығыма оң ықпал етті. Өйткені мен оқшауланып, осы туындымды шығаруға ден қоя алдым. Бұл альбомнан басқа Лондон корольдік симфониялық оркестрлерімен бірлесіп жұмыс істедім», - дейді композитор Еркеш Шәкеев.

«Біздің жұмысымыздағы маңызды сәттердің бірі – маған Еркештің музыкасының ұнағандығы. Оның туындыларын А-Студио тобында орындаған кезде де ұнатқанмын. Бірақ скетчтерін жіберген кезде Еркештің нәзік әрі шебер сазгер екенін түсіндім», - дейді музыкант Вадим Эйленкриг.