Азаматтарға арналған жаңа қосымша іске қосылды

Азаматтарға арналған жаңа қосымша іске қосылды
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, полковник Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Соңғы уақытта смартфондарға жүктелген мобильді қосымшалар халық арасында кеңінен қолданылады. Соның ішінде әртүрлі салалар бойынша анықтамалық ақпарат алу және онлайн оқыту үшін пайдаланады. ТЖМ осы заманауи үрдісті ескере отырып, өз жұмысында мобильді қосымшаларды белсенді қолдануда, олардың бірі – «Darmen» қосымшасы, – деді Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте.

Сыздықовтың атап өтуінше, азаматтар бұл қосымша арқылы трассалардың жабылуы/ашылуы, оқу орындарындағы сабақтардың тоқтатылуы, т.б ескертулерді алдын ала біле алады.

«Darmen» қосымшасына «Азаматтық қорғаныс» қосымшасы біріктірілген, ол сізге қауіпсіз жүріп-тұру, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ережелерімен түсінікті жадынамалар мен нұсқаулар түрінде танысуға мүмкіндік береді.