Еліміздің Әскери доктринасы қайта әзірленді

Еліміздің Әскери доктринасы қайта әзірленді
сурет:diapazon.kz

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы Қарулы Күштердің құрылымын жетілдіруге бағытталған

 Бұл  туралы «Қорғаныс күштерін реформалау және жауынгерлік қабілетін арттыру шеңберіндегі шаралар» атты Орталық  коммуникациялар қызметінде өткен бирифингте Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елімізде жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар қайта әзірленді. Қазіргі заманғы сын-қатерге сәйкес Әскери доктрина қайта әзірленді.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы әзірленді. Осы жоба шеңберінде қару-жарақтың елімізде шығарылған үлгісін дайындау, оқ-дәрі қоймасын салу, қолданыстағы сақтау объектісін жетілдіру көзделген», деді Сұлтан Қамалетдинов.

Қазір еліміздің қорғаныс саласы озық қарумен, басқару жүйесімен жабдықталған технологиялық мобильді армия құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қорғаныс өнеркәсібін дамыту, әскери білім мен ғылымды жетілдіру, әскери қызмет беделін арттыру, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру міндеті айқындалған.