Бір айға созылған экспедиция аяқталды

Бір айға созылған экспедиция аяқталды
Сурет:Elana.kz

«Атамекен» экспедициясы мәресіне жетті

 Бір айға созылған жоба – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде ұйымдастырылды. Елордадан шыққан бірінші топ Батыс Қазақстан арқылы жүріп, оңтүстік өңірлерді аралап Алматыға жетті. Ал экспедицияның екінші тобының бағыты Шығыс Қазақстан арқылы өтті. Экспедиция мүшелері әр өңірдің төлқұжаты саналатын тарихи орындарда, туристік нысандарда болып жан-жақты көрсетті. Сапар Алматының Шымбұлақ, Көктөбе және Сақ қорғандары сынды туристік жерлерімен қорытындыланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Аталған экспедицияны «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» республикалық газеттерінің қызметкерлері ұйымдастырған. Экспедиция барысынан тілшілер еліміздің көрікті жерлері туралы 15 мақала жариялады.

«Тәуелсіздікке орай сол жылдары жеткен жетістіктерімізді, ел өңірлерінің кешегі мен бүгінгі деңгейін көрсету негізгі мақсатымыз болды. Қорытынды жиынды әдейі осы тәуелсіздігіміздің, азаттығымыздың алтын бесігі Алматыда түйіндеп отырмыз», - дейді «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айбын Шағалақ.