Жетісу облыстық ТЖД бастығы ұсталды

Жетісу облыстық ТЖД бастығы ұсталды
Сурет: 24.kz

Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Ол сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінде. Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу басталды ", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің мәліметінше, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бауыржан Ізбасаров 2022 жылы тамыз айында Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.