«Плаза Алматы» қонақүйінен өрт шықты: 57 адам эвакуацияланды

«Плаза Алматы» қонақүйінен өрт шықты: 57 адам эвакуацияланды
Сурет: Egemen.kz

Алматыда Қожамқұлов көшесіндегі алты қабатты «Плаза Алматы» қонақүйден өрт шықты.

57 адам түтін басқан бөлмелерде қалып қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар түнгі 23:00 шамасында түскен. Белгілі болғандай, қонақүй жертөлесіндегі сауна өртеніп кеткен. Ғимараттың барлық қабатын түтін басқан.
«Адамдар қонақүйдің барлық терезесінен көмек сұрады. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде құтқару жұмыстарын бастады»,- делінген хабарламада. 
Адамдар 3 өрт сөндіруші мен тізе тартылатын баспалдақтың көмегімен эвакуацияланды. Осылайша 57 адам аман қалды. Өрт 42 өрт сөндіруші және 14 техниканың көмегімен сөндірілді.