9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Боран, тұман, көктайғақ 

Синоптиктер 2023 жылдың 9 ақпанына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Болжам бойынша, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысы, солтүстігі циклон ықпалында қалып отыр.  

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы қалыптасады: республикамыздың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүріп, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын түседі деп күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, таулы аймақтары мен тау бөктерінде аракідік қар аралас жаңбыр жауады, еліміздің шығысында қалың қар жауады.

Республикамыз бойынша, синоптиктер атап өткендей, жел күшейіп, тұман басу жиі орын алады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп күтіледі.