Жас аналар дауыс берді

Жас аналар дауыс берді
Сурет: Сайлау 2023 ТГ

Алматыда жас босанған аналар да саяси науқаннан қалыс қалмай, дауыс берді.

№4 қалалық перзентханада №475 сайлау учаскесі ұйымдастырылып, ондағы 101 әйел түгелдей сайлауға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алматы №4 перзентханың бас дәрігері Зияда Бекетқызының айтуынша, бүгінгі өтіп жатқан Мәжіліс пен мәслихат депуттатарының сайлауына перзентханада барлық жағдай жасалған.  

Ғазиза Қыдыралы, жас ана: 

– Мен Түрксіб ауданының тұрғынымын. Бұл сайлау мен үшін ерекше болып отыр. Қызым дүниеге келіп, отбасымызда үлкен қуаныш. Бүгін мен Қазақстанның азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Балаларымыздың болашағы үшін, Жаңа Қазақстанның өркендеуі үшін дауыс бердім. Ашық демократиялық қоғам құрамыз деп сенемін. Әр азамат сайлаудың өтуіне себепкер деп ойлаймын.