Орталық Азия елдерінің І Парламентаралық форумы Түркістанда өтеді

Орталық Азия елдерінің І Парламентаралық форумы Түркістанда өтеді
Сурет: 24.kz

Жиында жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланады.

Түркістан қаласында аймақ елдері парламенттерінің басшылығы қатысатын Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

10 ақпанда Парламентаралық форумның отырысы өтеді. Мұнда Орталық Азия елдерінің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері және осы үдерістегі парламенттердің рөлі, сондай-ақ парламентшілердің ортақ тарихи-мәдени мұраға негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтудегі рөлі талқыланады.