COVID-19-дың емделе қоймайтын салдары қандай?

COVID-19-дың емделе қоймайтын салдары қандай?
Сурет: 24.kz

Иіс сезбеушілік медикаменттермен емделмейді

"Паросмия деп аталатын иіс сезбеушілікті дәрі-дәрмек арқылы тез емдеп алу мүмкін емес", - дейді ресейлік дәрігер-инфекционист Илья Акинфиев. Бұл туралы РЕН-ТВ-сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almfty-akshamy.kz тілшісі. 

«Жиі болмаса да, маған келетін пациенттердің арасында иіс сезбейтінін айтып, ең сорақысы, патологиялық иістерге, яғни жағымды иісті сезбей, керісінше, тек жағымсыз сасық иісті сезетініне шағымданатын науқастар кездеседі», - дейді маман. 

Дәрігердің сөзінше, мұндай науқастарға бірде бір медикаментті ем көмектеспесе керек. Акинфиевтің айтуынша, иіс сезудің бұзылуы уақыт өте келе әркімде әр түрлі кезеңде қалыпқа келеді. Көбінесе орташа есеппен алғанда коронавирустан кейін болатын мұндай салдар екі айда кетеді. Алайда жарты жыл бойы иіс сезуден қалған науқастар да байқалады екен. 

Осыған дейін ZOE COVID Study мамандары коронавирустың "омикрон" штамы белгілерінің бірі асқа тәбеттің жоғалуы деген болатын.

Коронавирустың жаңа мутациясына тән белгілер ретінде бастың ауыруы, мұрынның бітуі, жиі түшкіру, тамақтың ауыруы және қатты шаршағыштық аталады.