Көркем гимнастикадан ӘЧ-да Қазақстан тағы бір «алтын» алды

Көркем гимнастикадан ӘЧ-да Қазақстан тағы бір «алтын» алды
сурет: Olympic.kz

Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алды

Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-інші болды. Ал Елжан Таниева 7-інші нәтиже көрсетті.

Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер болды.

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығу жасауда алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде «күміс» Өзбекстанға, «қола» Жапонияға бұйырды.