Жарты жылдан кейін Зарина Дияс тенниске оралады

Жарты жылдан кейін Зарина Дияс тенниске оралады
Сурет: Prosports.kz

Тенниске сәуір айында оралуды көздеп отыр. 

Қазақстандық Зарина Дияс тенниске жарты жылдан кейін қайта оралмақшы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Дияс осыған байланысты өз пікірін бөліскен.

«Өткен жыл мен үшін күрделі болды. Денсаулығыма орай қиындықтар туындап, үзіліс алуыма тура келді. Сондықтан рейтингім де төмендеп кетті. Қазір қалпыма келіп жатырмын, денсаулығым жақсарып қалды. Теннис, турнир, жанкүйерлерді сағындым. Тенниске сәуір айында оралуды көздеп отырмын. Бәріңізді Жаңа жылмен құттықтап, тыныштық, ашық аспан, барша жақсылықты тілеймін», - деді З.Дияс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дэвис кубогінің іріктеу матчына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.