Алматылық дәрігер егде жастағы адамдар үшін COVID-19 вакцинасын алудың маңызын түсіндірді

Алматылық дәрігер егде жастағы адамдар үшін COVID-19 вакцинасын алудың маңызын түсіндірді
almaty-akshamy.kz

Алматыда 60 жастан асқан 108 мыңнан астам азамат коронавирусқа қарсы вакцина алды. Алматы қаласындағы жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Наталья Рахальская егде жастағы адамдардың иммунитеті жастарға қарағанда әлсіз екенін әрі аурудың қиын өтетінін, сондықтан екпе алудың сақтық шара екенін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қарт адамдар, біз көріп отырғандай, дертке тез шалдығады әрі ол асқынып кетсе, қайғылы жағдай да болуы мүмкін. Сондықтан осы санаттағылардың бірінші кезекте екпе алғандары жөн. Мен дәрігер ретіндегі клиникалық тәжірибемнен байқағаным, егде жастағылар вакциналарды жақсы қабылдайды», - деді  Наталья Рахальская.

Дәрігер егде жаста КВИ-ге қарсы вакцина алу (сонымен қатар тұмауға қарсы) өте маңызды және бұл қауіпті инфекцияны жұқтырмайтынын әрі қауіптің алдын алатынын айтты.

Сонымен қатар, екпе мазасыздықтан арылтады, көңіл-күйді тыныштандырады. Вакцина алған қарт адамдар психологиялық тұрғыдан өзінің қорғалғанын сезінеді.