Президент мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Президент мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
Сурет: Topobrazovanie.ru

Қазақстанда 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып белгіленген.


Осы мерекеге орай Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілерді құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін», - деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында.