Зерттеушілер: Азия аймағындағы аптап ыстық – климат өзгеруінің салдары

Зерттеушілер: Азия аймағындағы аптап ыстық – климат өзгеруінің салдары
Сурет: Eldala.kz

Ыстық жер бетінде тұрақтайды

Азия аймағындағы аптап ыстық – климат өзгеруінің салдары.  World Weather Attribution зерттеушілер тобы осындай қорытынды жасап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, соңғы айларда Үндістан және Пәкістан елдерінде термометр бағаны Цельсий бойынша 50 градустан төмендемей келеді. Ғалымдардың айтуынша, осындай жылу толқындары алдағы уақытта тұрақты құбылысқа айналады. Сондықтан бұған дайын болу керек.

"Экстремалды аптап әр үш жыл сайын қайталанып отырады. Сол себепті әлем мемлекеттері парник газдарын өндіруді азайтып, жаңа жағдайларға бейімделу қажет", - дейді мамандар.