Қапшағай су қоймасында 15 жасар қыз құтқарылды

Қапшағай су қоймасында 15 жасар қыз құтқарылды
сурет: ТЖД

Қыз жағадан 150 метр қашықтыққа кетіп қалған

Бойжеткен жағадан 150 метр жерде суға бата бастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 25 шілдеде сағат 19.45-те Алматы облысы ТЖД Қонаев өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары  Қапшағай су қоймасында батып бара жатқан қызды құтқарды.

«№7 қалалық жағажай маңында патрульдеу кезінде, жағадан 150 метр қашықтықта шомылу кезінде, тереңдікке түсіп бата бастаған, 2007 жылы туған қыз бала құтқарылды. Құтқарылған қыз жағаға жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды»,-делінген облыстық ТЖД таратқан мәліметте.

Құтқарушылар қыздың ата-анасымен және басқа да демалушылармен судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме әңгімесі жүргізді.